Астана қ., Алматы 6
+7(7172) 57-06-17, 35-65-47
info@nurai54-balabaksha.edu.kz

Тақырыбы: «Музыка әлеміне саяхат»

Тақырыбы: «Музыка әлеміне саяхат»

Ұйымдастырылған ашық іс-әрекет аясында балабақшада «Музыка әлеміне саяхат» тақырыбында мазмұнды әрі қызықты іс әрекет өткізілді. Ашық іс әрекетті балабақшаның музыка жетекшісі Қадыр Жандос Қадырұлы жүргізді.

Басты мақсаты – балалардың музыкалық қабілеттерін (ырғақ сезімі, есту, музыканы талдау) ойын технологиялары арқылы дамыту, сонымен қатар ұйымшылдыққа, достыққа және шығармашылық белсенділікке тәрбиелеу.

Іс әрекет барысында балалар ертегі желісіндегі музыкалық саяхатқа шығып, түрлі аялдамалар арқылы тапсырмалар орындады. Әр аялдамада балалардың тыңдау, ырғақ сезу, дыбысты ажырату, ән айту және аспапта ойнау дағдылары дамытылды. Интерактивті әдістер, музыкалық ойындар, қозғалыс элементтері мен көрнекіліктер тиімді қолданылды.

Әсіресе, Дина Нүрпейісованың «Бұлбұл» күйін тыңдау арқылы музыканы талдау, ритмдік жаттығулар орындау, «Көңілді оркестр» ойыны балалардың қызығушылығын арттырып, іс әрекеттің мазмұнын байытты. Іс әрекет соңында балалар ноталарды толық жинап, өз әсерлерімен бөлісіп, рефлексия жасады.

Ұйымдастырылған ашық іс әрекет жоғары әдістемелік деңгейде ұйымдастырылып, қалалық әріптестер тарапынан оң бағаланды. Сабақтың құрылымы жүйелі, мазмұны жас ерекшеліктеріне сай, ал қолданылған әдіс-тәсілдер заманауи талаптарға толық сәйкес болды.

Бұл іс-шара педагогтердің тәжірибе алмасуына, шығармашылық ізденісіне және музыкалық білім беруді жетілдіруге зор үлес қосты.

Музыка жетекшісі:
Қадыр Жандос Қадырұлы

Бөлісу/Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *