Астана қ., Алматы 6
+7(7172) 57-06-17, 35-65-47
info@nurai54-balabaksha.edu.kz

Автор: nurai54-b

«Тілім менің – мақтанышым» мәнерлеп оқу сайысы

Мақсаты:Тіл мерекесіне орай балалардың ана тіліне деген сүйіспеншілігі мен құрметін арттыру, қазақ тілін дәріптеу. Балалардың мәнерлеп оқу, анық әрі дұрыс сөйлеу дағдыларын жетілдіру, тіл байлығын дамыту және өз ойын еркін жеткізуге баулу. Ұлттық құндылықтарды насихаттап, ана тілін мақтан тұтуға тәрбиелеу.

Бөлісу/Поделиться:

«Тәрбиешінің сөйлеу мәдениеті – бала тәрбиесінің негізі»

Мақсаты: Тіл мерекесіне орай педагогтердің тіл мәдениетін арттыру, қазақ тілінде сауатты әрі көркем сөйлеудің маңызын түсіндіру. Тәрбиешінің сөз саптауы мен сөйлеу мәдениетінің бала тілін дамытудағы және тәрбиесіндегі рөлін насихаттау, педагогтердің өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау.

Бөлісу/Поделиться:

«Қалпақтар шеруі»

Мақсаты: Балалардың шығармашылық қиялын дамыту, ата-аналармен байланысты нығайту және балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау.

Бөлісу/Поделиться:

Тәуелсіз еліміздің рәміздері

Мақсаты: Балаларға ҚР-ның рәміздерімен таныстыру елтаңба,ту, әнұран туралы түсінік қалыптастыру. Туған ел, Отан туралы білімдерін кеңейту.

Бөлісу/Поделиться:

1 маусым — Балаларды қорғау күні!

Мақсаты: балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіре айтуды үйрету. Бір — бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу

Бөлісу/Поделиться:

«Жұлдыз болып жанамыз — мектепке аттанамыз!»

Балалардың мектепке баруға деген құштарлығын дамыту; көрермендер алдында сөйлеу қабілетін бекіту, сенімді сезіну; қарым-қатынас дағдыларын бекіту; балалардың шығармашылық қабілеттерін ашу; балалар мен ата-аналарда балабақша қызметкерлеріне құрмет сезімін қалыптастыру; балалардың актерлік шеберлігін арттыру; балабақша мен отбасы арасында эмоционалды жағымды ынтымақтастық атмосферасын құру.

Бөлісу/Поделиться:

9 мамыр Жеңіс күніне орай эстафеталық жарыс

Мақсаты: Балабақша бүлдіршіндерін 9 мамыр — Жеңіс күні мерекесімен таныстыра отырып, олардың бойында Отанды қорғаушыларға деген құрмет пен патриоттық сезімді қалыптастыру. Эстафеталық ойындар арқылы балалардың шапшаңдық, ептілік, төзімділік сияқты физикалық қасиеттерін дамыту және ұжымда бірлесіп әрекет етуге, достыққа тәрбиелеу.

Бөлісу/Поделиться:

7 мамыр мерекесіне орай «Екі жұлдыз» патриоттық әндер байқауы

Мақсаты: Өскелең ұрпақтың бойында Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді ән құдіреті арқылы ұялату. Балабақша мен отбасы арасындағы шығармашылық байланысты нығайту, бүлдіршіндердің сахна мәдениетін қалыптастырып, музыкалық-эстетикалық талғамын арттыру және өнерлі, дарынды жұптарды анықтап, қолдау.

Бөлісу/Поделиться:

«Достық — баға жетпес байлық»

Мақсаты: Балаларға 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі мерекесінің мәнін түсіндіру, көпұлтты еліміздегі достық пен ынтымақтастықтың маңызын ұғындыру. Міндеттері: Кейіпкерлер бейнесі арқылы балалардың адамгершілік қасиеттерін, бір-біріне деген қамқорлығын арттыру; Ойындар мен музыкалық нөмірлер арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін, ептілігін және ұжымдық жұмыс істеу дағдыларын дамыту; Мерекелік көңіл-күй сыйлау және эстетикалық тәрбие беру.

Бөлісу/Поделиться:

«ADAPTATION DAYS» жобасы аясында №54 Нұр-Ай балабақшасының мектепалды топ тәрбиеленушілері Қ.Мыңбаев атындағы 59 мектеп-лицейіне саяхатқа барды

Білім беру деңгейлері арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету және балалардың мектепке бейімделуін жеңілдету мақсатында мектепке дейінгі білім беру мен жалпы орта білім беру ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған «Білім беру округтері» жобасының 3 негізгі бағытының бірі.

Бөлісу/Поделиться: