«Ұлытау» тобы
Мектепке дейінгі жаста бала күрт өзгереді: психофизиологиялық функциялар жақсарады, оқу іс-әрекетімен тікелей байланысты танымдық мотивтердің қарқынды дамуы байқалады, интеллектуалды белсенділік пен жаңа білімді игеру қажеттілігі туындайды.
Тәрбиелеу – білім беру процесін ұйымдастыруда педагогтерге келесі негізгі қағидаларды назарда ұстау ұсынылады: ойын арқылы оқыту; білім беру салаларын кіріктіру арқылы тәрбиелеу, оқыту, дамыту.
Мектепке дейінгі жас баланың жеке тұлғасын қалыптастыру өте маңызды. Бұл жаста балалардың сөйлеу, сенсорлық дағдылары қалыптасады, сондай-ақ ақыл-ой, дене, эстетикалық, патриоттық тәрбие беру көзделеді.
Мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиелеу-білім беру қызметін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес жүзеге асырады.


