Астана қ., Алматы 6
+7(7172) 57-06-17, 35-65-47
info@nurai54-balabaksha.edu.kz

Іс шаралар

7 мамыр мерекесіне орай «Екі жұлдыз» патриоттық әндер байқауы

Мақсаты: Өскелең ұрпақтың бойында Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді ән құдіреті арқылы ұялату. Балабақша мен отбасы арасындағы шығармашылық байланысты нығайту, бүлдіршіндердің сахна мәдениетін қалыптастырып, музыкалық-эстетикалық талғамын арттыру және өнерлі, дарынды жұптарды анықтап, қолдау.

«Достық — баға жетпес байлық»

Мақсаты: Балаларға 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі мерекесінің мәнін түсіндіру, көпұлтты еліміздегі достық пен ынтымақтастықтың маңызын ұғындыру. Міндеттері: Кейіпкерлер бейнесі арқылы балалардың адамгершілік қасиеттерін, бір-біріне деген қамқорлығын арттыру; Ойындар мен музыкалық нөмірлер арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін, ептілігін және ұжымдық жұмыс істеу дағдыларын дамыту; Мерекелік көңіл-күй сыйлау және эстетикалық тәрбие беру.

«ADAPTATION DAYS» жобасы аясында №54 Нұр-Ай балабақшасының мектепалды топ тәрбиеленушілері Қ.Мыңбаев атындағы 59 мектеп-лицейіне саяхатқа барды

Білім беру деңгейлері арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету және балалардың мектепке бейімделуін жеңілдету мақсатында мектепке дейінгі білім беру мен жалпы орта білім беру ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған «Білім беру округтері» жобасының 3 негізгі бағытының бірі.

Спорттық-экологиялық іс-шара «Табиғатты қорғайық — бірге ойнайық!»

Мақсаты: Балалар мен ата-аналарды табиғатты қорғауға тәрбиелеу.Ұлттық ойындар арқылы дене шынықтыруды дамыту.Отбасылық байланыс пен бірлікті нығайту.

Городская интеллектуальная олимпиада «Жулдызды жол»

Цели проведения мероприятия: Развитие познавательных способностей детей, закрепление знаний, умений и навыков, полученных в детском саду. Развитие логического мышления, внимания, памяти, речи и умения решать простые интеллектуальные задачи. Воспитание интереса к обучению, стремления к знаниям, уверенности в своих силах и положительного отношения к учебной деятельности. Формирование навыков работы в команде, умения взаимодействовать со сверстниками и…
Читать дальше

Төрлет, төрлет Әз-Наурыз!» ертеңгілік

Наурыз мерекесінің негізгі мақсаты — табиғаттың жаңаруын атап өту, адамдар арасында татулық пен бірлікті нығайту және ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу. Бұл мейрам арқылы адамдар бір-біріне ізгі тілектер айтып, өкпе-реніштерін ұмытып, жаңа жылды жақсы көңіл-күймен қарсы алады. Сонымен қатар, Наурыздың мақсаты — өскелең ұрпаққа қазақ халқының мәдениетін, әдет-ғұрыптарын таныстыру, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу. Мереке адамдарды мейірімділікке, қонақжайлыққа,…
Читать дальше

«8-наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілігі»

Аналар мерекесіне арналган ертеңгіліктің мақсаты: — Балалардың анаға деген сүйіспеншілігін, құрметін арттыру.— Ана еңбегін бағалауға, мейірімділік пен ізгілікке тәрбиелеу.— Отбасылық құндылыктарды насихаттау, әжелерге ізет көрсету.— Балалардың шығармашылық қабілеттерін (ән айту, би билеу, тақпақ оқу) дамыту.— Мерекелік көңіл күй калыптастырып, ана мен бала арасындағы жылылыкты нығайту.

«Мұқағали ата – жүрегімде» мәнерлеп оқу сайысы

Мақсаты:Адал азамат біртұтас тәрбие аясында балаларды ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығымен таныстыру.Өлеңді мәнерлеп, сезіммен оқуға үйрету.Туған елге, ана тіліне, поэзияға деген сүйіспеншіліктерін оятып ата аналары үлгі ретінде ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, өлеңдерін айту.Ұйымдастырушы:қазақ тілі.

Жолда абайла, балақай!

Қалалық «Брейн-ринг» сайысы.Мақсаты: Тәрбиеленушілердің жол қауіпсіздігі бойынша білімін тереңдету және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру арқылы қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру арттыру.

«Ұлттық ойын ұлт қазынасы» Әкелермен спорттық сайыс

Максаты:Ұлттық ойындарды дәріптеу; әкелердің бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру; әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту; салауатты өмір салтын насихаттау.