Ахметова Айгерим Станбековна
Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жүргізетін педагог-психолог
Балалар өмірдің гүлдері. Олар біздің өмірімізді безендіреді және оны мағынаға толтырады. Балалар — ең жарқын және ең таза құбылыс… Олар біздің әлемге жылулық пен нәзіктік, теңіздей күлкі, қуаныш пен бақыт сыйлау үшін келеді!
Жұмыс барысында алға қойған мақсатым – баланың психологиялық денсаулығын сақтау және нығайту, оның жеке тұлғасын үйлесімді дамытуға тырысу, балаларға, ата-аналарға және тәрбиешілерге психологиялық мәселелерді шешуде көмек көрсету.
Байташева Кенжегүл Көпжасқызы
Қазақ тілі мұғалімі
Менің міндетім-тәрбиеленушілердің өзін табуға көмектесу, бірінші және ең маңызды жаңалық ашу-оның қабілеттерін, мүмкін талантын ашу. Бұл менен білім, дағды, педагогикалық шеберлікті талап ететінін түсінемін. Сабақтардың қызықты және әдемі етудің көптеген жолдары бар, бірақ менің ойымша, бұл жолдағы ең бастысы-өзіңізге сену, өз мүмкіндіктеріңізге сену, үлкен мақсатыңызға сену. Тәрбиеленушілер сабақтан кейін, көз алдында қызығушылық пен жанды жарықты көргенде рахмет айтқан кезде мен жұмыстан ләззат аламын.
Баратова Гульнара Рукашевна
Я, Баратова Гульнара Рукашевна, более 10 лет работаю в нашем детском саду воспитателем. Быть воспитателем в современных условиях сложно и ответственно, так как нужны не только всесторонние знания, опыт, но и огромное терпение, постоянно находиться в творческом поиске, вносить в работу что-то новое. Педагогический опыт приходит поэтапно – вместе с опытом формируется и педагог. Я – созидатель! Не зря ведь детей называют «цветами жизни», а воспитателей – «садовниками». Труд воспитателя можно сравнить с трудом садовника, каждому нужен особый, только для него подходящий уход, иначе оно не достигнет совершенства в своем развитии. Так и в моей работе каждому ребенку необходима любовь, понимание его индивидуальности. Ведь только в любви открывается неповторимость каждого ребенка, раскрывается его образ.
Бимаганбетов Адил Болатпекович
Дене шынықтыру нұсқаушысы
Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету үшін керек. Дене тәрбиесі тек балабақшада дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс, балабақшада тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі жастардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, өмірге белсенді ұстаным мен ізгілікті қатынастарын дамытуды меңзейді.
Еримбетова Шолпан Серикбаевна
Тәрбиеші
Менің міндетім әр бір баланы тәрбиелеу мен оның мінезін қалыптастыру, оны өз бетімен өмір сүруге дайындау болып табылады. Тәрбиешіде саналы ұрпақ бірден қалыптаспайды. Баланың жүрегінен орын алып, көңілінен шығып, тәрбиеленуші мен тәрбиешінің арасында үзілмейтін қарым-қатынас орнайды. Сол қарым-қатынасты орнату үшін тәрбиешінің ой қоржынында көптеген амал-тәсілдер болса бәрі орынды. Өмірді енді танып, айналадағына алғаш көріп, сезініп, ұғынып жатқан шағында балаға дұрыс бағыт-бағдар берсе, сол беті бағытынан таймайды. Көзі ашық, көкірегі аяу азаматтың алғашқы баспалдағы сол балабақша қабырғасы, ондағы тәрбиешісі. Сөйлесуі, ойлауы, қабылдауы, зеректісі, шапшаңдығы, алғырлығы, міне осы қасиеттерді байқай отырып, бар қасиетті дамыту, жоқ қасиетін қалыптастыру – менің міндетім.
Тәрбиеші болу – қиындығы мен қызығы қатар жүретін мамандық. «Басы қатты аяғы тәтті» болып жататын да осы балабақшадағы кезең, сәт шығар. Менің мақсатым – елімізге үлес қосар ел ертеңін ойлап, оған бар жан тәнімен баурап, осы бір «кірпіш дүниеге, кетігін тауып бар қалатын, абыройлы, арманы асқақ азамат тәрбиелеу. Мен өз жұмысымды мақтан тұтамын, және менен тәрбие алған балаларын ер жетіп, алғашқы тәрбиеші ұстазым деп келіп, сәлем беріп жатқандарын зор қуаныш, мәртебе санаймын. «Тәрбие көзі – тал бесік, тәрбие басы – ұстазда» деп аяқтар едім.
Еспаева Назира Далбаевна
Осындай жаһандану заманында тұспа-тұс келген біздің тәрбиленушілеріміздің бойында ұлттық рухымызды сіңіріп, тілі мен дінін, берік ұстанған ұрпақ оқыту, тәрбиелеу барысында тәрбиешінің мойнына жүктелетін міндет зор.
Менің педагог ретіндегі басты ұстанымым — өз ұлтыма рухани діңгегі мықты, қазақ елін әлемдік кеңістікке еркін самғата алатындай, білім мен тәрбие деп аталатын қос қанатын қамдаған заманына сай ұрпақ тәрбиелеуге өз үлесімді қосу.
Жанпейіс Жаңагүл Бастарқызы
Тәрбиеші
Мен Жанпейіс Жаңагүл Бастарқызы – тәрбие жұмысына үнемі атсалысып, балаларға қамқор болып жүретін, тәрбие мен өнерді үйретуші, үйлестіруші жанмын. Бүгінгі таңда тәрбиеші болу оңай жұмыс емес. Қиыны мен қызығы, талабы мен жемісі қатар жүретін өз мамандығымды қатты жақсы көремін. Өйткені, бұл мамандық — менің жүрек қалауым. Сондықтан да мен өз мамандығымды жоғары бағалаймын. Себебі түрлі тәрбиелік шараларды өткізе жүріп, олардың бойындағы қасиеттерін танып-біліп, бағалап-ескеріп, жан-дүниесін түсінуге тырысамын. Әр баланың бойындағы көрінбей жүрген талантын жарыққа шығарып, жеке тұлға болып қалыптасуына көмектесемін.
Иманбекова Дана Омиралыевна
Музыка жетекшісі
Мен, Дана Омиралыевна мамандығым балабақша музыка жетекішісі, біліктілігім жоғары, модератор педагогпын.
Тәрбиеленушілердің музыкалық тәрбиесін және эстетикалық дамуын жүзеге асырамын. Музыкалық және басқа да мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырамын және өткіземін, балалармен дербес жұмыстар жүргіземін, музыкалық жағынан дарынды балаларды анықтаймын.
Ата-аналар мен тәрбиешілерге балаларды музыкалық тәрбиелеу мәселелері бойынша кеңестер беремін. Тәрбиенушілердің музыкалық жетілуін бақылап отырамын.
Дарынды және талантты білім алушыларды, оның ішінде даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдаймын. Балалардың мәдени- жалпы іс-шараларға қатысуын ұйымд
Имашова Айжан Шенгельбаевна
Логопед-дефектолог
Бала тәрбиесi – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» — деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеп және де жан-жақты дамуына өзімнің қандайда бір үлесімді қосып жатқанымды мақтан етемін.
«Әрбір бала өз әлемімен ерекше» дегендей бала әлемін түсініп, баланы әлеуметтік бейімдеп және таза да анық сөйлеуіне, өз қатарларынан қалмай дамыуна атсалысу біздің басты мақсаттарымыздың бірі деп санаймын.
Қадыр Жандос Қадырұлы
Музыка жетекшісі
Мен Қадыр Жандос Қадырұлы менің мамандығым музыка жетекшісі, жоғары білімді, модератор педагогпын.
Музыка дегеніміз — сырлы да сиқырлы дыбыс. Біз ол музыканы сезінуге, түсінуге естуге үйретеміз.
Мерекелік сценарийлерді құрушы, ойын-сауық бағдарламалардың жасалуына, олардың әзірленуіне, көрнекі құралдарды, материалды уақыты әзірлеуші — зор мамандық иесімін.
Мен балаларды ән тыңдауға, ән айтқызуға, би қимылдарын үйретуге, музыкалық аспаптармен таныстыруға бар ынта жігеріммен дайындаламын.
Біз тәрбиелеп отырған бүлдіршіндер болашақта ақылды, қабілетті, белсенді болып өсетініне сеніміміз мол!
Кәрім Азамат Болатұлы
Дене шынықтыру нұсқаушысы
Күн сайын мен мектеп жасына дейінгі балалармен кездесу үшін сүйікті спорт залыма келемін, онда мен таңертеңгілік жаттығуларды, сабақтарды өткіземін. Осы мамандықты таңдағаныма, жұмысымның көптеген жағымды эмоциялар әкелетініне күн сайын қуаныштымын.
Қазіргі қоғам мұғалімдердің алдына балалардың денсаулығын сақтау және нығайту міндетін қойып отыр. Менің дене шынықтыру нұсқаушысы ретіндегі міндетім балаға негізгі қимыл-қозғалыс түрлерін дұрыс орындауға үйрету ғана емес, сонымен қатар әр оқушы өмір бойы дене шынықтырумен айналысу қажеттілігін қамтамасыз ету үшін бәрін жасау.
Кадирберлина Багдат Алдаберлыевна
Мен Кадирберлина Багдат Алдаберлыевна. Балалар-біздің болашағымыз, егемен еліміздің ертеңі. Осы келешек ұрпақтың ойы озық, білімі терең, тәлім-тәрбиесі жоғары болуы үшін, адамгершілігі мол жеке тұлға болып қалыптасуына ат салысып жатқанымды мақтан етемін.
Балабақшадағы тәрбие- барлық тәрбиенің бастамасы. Тәрбиеші балаларды адам мәдениетінің әлеміне, күрделі және алуан түрлі қарым-қатынастардың әлеміне ертетін үлкендердің бірі.
Сұраумен болашақтың амандығын,
Тәрбиеші болады мамандығым.
Балабақшам ең таза білім ордам,
Ар тұтқан ата баба даналығын.
Махитова Гульмира Султанбековна
Логопед
Мен Махитова Гульмира Султанбековна балабақшада логопед қызметін атқарамын. Балалармен жұмыс жасаған өзіме ұнайды.
Тілінде кемістігі бар балалардың,сөздік қорын молайту,сөйлеу тілін дамытуды жаңа технологиямен ұштастырамын.Бала тілі бал дегендей, әрбір бала өз ойын еркін,толық жеткізе білсе, ол біздің жарқын болашағымыз.
Нуретдинова Асем Бахытжановна
Моя профессия, по-моему, одна из самых востребованных, восхитительных. Детство — самое прекрасное время, взрослому вернуться в детство нельзя. А вот воспитатели имеют возможность окунуться в детство еще раз и помогают им в этом их маленькие воспитанники. Вот так – любя всем сердцем, своих воспитанников, отдавая им все самое лучшее, призывая творить только доброе и хорошее, получаю взамен благодарный взгляд и уважение своих маленьких друзей.
Рысбаева Гульнар Есетовна
Тәрбиеші
Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу үлкен жауапкершілікті талап ететін бірден-бір қызмет. Өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырып, үйден тыс ортаға дайындау, жаңа өмірге деген қызығушылығын оята білу, сонымен қатар бірқатар істерді атқару тәрбиеші-педагогтың міндеті. Бұл мамандықты таңдаған әрбір тәрбиеші-педагог өзіне үлкен сенім мен күш арта отырып, белгілі ұстанымы болу керек. Менің ұстанымым-мамандығыма жауапкершілікпен, сүйіспеншілікпен қарау. Мағжан атамыз айтқандай: «Бүгінгі ұрпақ ертеңгі еліміздің келешегі». Сондықтан еліміздің ертеңі бүлдіршіндерден бастау алады. Бұл үшін мен әр кез аянбай қызмет етемін!
Тулеген Умут Тулегеновна
Тәрбиеші
Тәрбиеші болу-қабілеттілік, бейімділік.
Баламен балалық шақты, әлемді оның көзімен көруді, таңдануды және бірге білуді, қайта-қайта өткізуді білдіреді.
Танатарова Айткуль Омаровна
Педагог-психолог
Мен Танатарова Айткуль Омаровна еліміздің болашағы өсіп келе жатқан жас ұрпақты қазіргі заманға сай ұшқыр ойлы, білімді, өзіне сенімді, адамгершілігі мол жеке тұлға болып қалыптасуына ат салып жатқанымды мақтан етемін.
«Әрбір бала өз әлемімен ерекше » дегендей бала әлемін түсініп, баланы әлеуметтік бейімдеу және жан-жақты психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету біздің басты мақсаттарымыздың бірі деп санаймын.
Бала психологиясы өте қызықты да маңызды жұмыс.
Турарова Мария Павловна
Логопед
Думаю, что самое главное в работе логопедов не только профессиональные, но и их человеческие качества, потому что к доброму и заботливому человеку тянутся дети, и только таким путем педагог может добиться хороших результатов.
Логопед – это педагог, в котором сочетаются артист, музыкант, дизайнер, психолог.
Шауменова Салтанат Сапарғалиқызы
Тәрбиеші
Мен кіммін? Мен , әрі суретші, әрі әртіс, әрі баланың жан дүниесін түсіне алатын маман ретінде балаларымды тәрбиелеуге бұрыннан келе жатқан құндылықтарды бойына сіңіріп, ойына ұялатуға тырысамын.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуге балаға» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, менің де осынау қастерлі мамандықтың иесі атанғаныма 13 жыл болған екен. Сол 13 жыл ішінде әртүрлі семинарға, конкурстарға қатысып келемін.
Балалармен жұмыс жасау –үлкен бақыт. Себебі, тек қана бала, еш нәрсегеге де алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақаның қойып, өз құпяларын айтып, маған сенім артады. Пәк көңіл балаларымен ара-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды, себебі мен оларға, олар маған керектігіне сенімдімін. Осы сенімнің болуы – әр тәрбиешінің бақыты деп ойлаймын.
