«Арнау» тобы
Топ туралы мәлімет
«Арнау» тобы 2023 жылдың жаз айынан ең алғашқы рет балабақшаға аяқ басқан кішкентай сәбилерден құралған. Сәбилердің жас ерекшелігін ескере отырып балабақшадағы күндері қызықты өткізу үшін түрлі жұмыстар атқарылуда. Кішкентай бүлдіршіндеріміз түрлі мерекелік іс-шараларда белсене ат салысып, өз өнерлерін көрсетуге тырысады. Балалардың ішінде әнші, биші, бояушы, сызушы балаларды байқауға болады.Кішкентай балалар тәрбиеші көмегімен киініп, жуынып, сүртінеді, бір-біріне көмектеседі. «рахмет», «кешір» «өтінемін» сөздерін айтып отырады . Сонымен қатар топта мақал — мәтелдер, жаңылтпаштар, ертегілер айтылып , ұлттық ойындар ойнатылады. Ондағы мақсатымыз біріншіден балалардың тілін дамыту, екіншіден қайырымдылықты–халықтан, пайымдылықты- қариядан үйрен деген ұлтымыздың тал бесіктен жер бесікке дейінгі екі аралықтағы өмірінің мәні боларлық адами қасиеттермен әдет ғұрыпты оқу қызметін ұйымдастыруда үйреніп, алдағы өмірлерінде арқау болатынын ұғындыру. Ол үшін тобымызда балаларға барлық жағдай қарастырылған. Ұлттық бұрыш, ұлттық ойындарға арналған құралдар, қуыршақ театры т.с.с
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған.Сондықтан да баланың бойына ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық өз тілін, елін, жерін сүйетін адамгершілік қасиеттерді балаларды бойына сіңіре олардың кішкентай кезінен сіңіре бермекпіз.




