«Айгөлек» тобы
Топ туралы мәлімет
Қазіргі «Айгөлек» тобы 2021 жылдың жаз айынан ең алғашқы рет балабақшаға аяқ басқан кішкентай сәбилерден құралған. Барлығымыз бір отбасыдай бір-бірімізге бауыр басып, тату тәттіміз. Тобымдағы балаларым өте ақылды, алғыр. Балалалардың балабақшадағы әр күндері қызықты өткізу үшін түрлі жұмыстар атқарылуда. Осы уақытқа дейін кішкентай бүлдіршіндеріміз түрлі мерекелік іс-шараларда белсене ат салысып, өз өнерлерін көрсетіп келеді. Балалардың ішінде әнші, биші, бояушы, сызушы балаларды байқауға болады. Балалар бір-біріне үнемі көмектесіп, қол ұштарын беріп отырады. Күнделікті жоспарлы оқу қызметтері уақытылы өткізіледі. Балаларға мақал — мәтелдер, жұмбақтар жаңылтпаштар, ертегілер айтылып, ұлттық ойындар ойнатылады. Ондағы мақсатымыз балалардың тілін дамыту, сөздік қорларың кеңейту, білімдерін арттыру. Сондықтан да баланың бойына ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық өз тілін , елін, жерін сүйетін адамгершілік қасиеттерді балаларды бойына сіңірте отыра, олардың кішкентай кезінен патриоттық сезімдерін оятпақпыз.
Шәкірттеріме сапалы білім мен тәрбие беруде үнемі ізденіс үстінде жүремін. Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында бәсекеге қабілетті тұлға дайындау – менің ұстаздық борышым. Алдағы уақытта жаңа технологиялардың тиімді әдістерін зерделеп, оқу қызметіне байланыстыра отырып, олардың білімге деген құлшынысын арттыруды әрі қарай жалғастырамын. Жеке пікірлерін жеткізе білетін, білімін өмірде қолдана алатын тұлға дайындауға алдағы уақытта жұмыстану арқылы шәкірттеріме сапалы білім беріп, өркениетті елдің еңсесін түсірмейтін шәкірт дайындауға өз үлесімді қосамын.





